Қазақстан Ұлттық банкінің мәлімдеуінше, ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалды.
«Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалғаны байқалады. Бұл Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты», — деп хабарлады Ұлттық банк сәрсенбі күні.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк Қазақстан үкіметінен банктерге қолма-қол ресейлік рубльді елден шығаруға рұқсат беруді сұраған болатын.