Қазақстанда ребрендинг жалғасуда: Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгертеді

Алматы әкімдігі бірнеше басқарманың атауын өзгертілетінін мәлімдеді.

Бұл ұсынысты «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» мәселе бойынша өткен мәслихат сессиясында әкімдік аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов айтты.

Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқығы мен бостандығын қорғау, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қорғау мақсатында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасын одан Еңбек инспекциясы басқармасын бөліп, Әлеуметтік қорғау басқармасын қайта құру ұсынылады, — деп мәлімдеді Нұрпейісов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қоғамдық даму департаментінің жоғарыда аталған функцияларын бере отырып, Креативті индустриялар басқармасын Жастар саясаты басқармасы деп қайта атау ұсынылып отыр.

Бұл ретте креативті индустрияларды дамыту жөніндегі функционал Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына беріледі.

Жоба Энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымдық даму басқармасын Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Тұрғын үй саясаты басқармасын Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Жасыл экономика басқармасын — Экология және қоршаған орта басқармасы, Жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасын — Құрылыс басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын — Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы деп атауды көздейді, — деп түйіндеді сөзін Алматы әкімдігі аппаратының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік! Қазақстан Президенті Қ.Қ. Тоқаев қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер жайлы берген сұхбатында Алматының бұрынғы атауын қайтаруға ақша жұмсаудың қажеті жоқ екенін айтты.

Добавить комментарий