Қазақстанда QazVac вакцинасын шығаратын зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын зауыт іске қосылды.

«Жамбыл облысында өзіміздің өндірістік алаңды іске қосудың арқасында сіз атаған мөлшерде көмек бердік, қазір біз белгілі бір өндірістік қуатқа көштік. Қосымша 600 мың доза қоймада тұр», — деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның мәліметінше, препараттың 600 мың дозасы қауіпсіздік бойынша тексеруден өтіп жатыр және тамыз айында Қазақстан өңірлеріне жеткізіледі. Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде 100 QazVac вакцинасының мың дозасы жеткізіліп жатыр, олар жақын арада халыққа қолжетімді болады.

Зауыттың өндірістік қуаты туралы айтылмады.

Добавить комментарий