Қазақстанда полицейлер оқушыларға сабақ өткізеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37200-1661362295-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан мектептерде полиция қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізеді. Бес мың полиция қызметкері сабақ өткізуге дайындалуда.

Қазақстанда полицейлер оқушыларға қауіпсіздік және профилактикалық сабақ өткізеді. Атап айтқанда, олар балаларға шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін үйретеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады», — деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол полициядан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, мектеп автобустары мен қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтауды сұрады. Министр сондай-ақ білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін күзет агенттіктері мектептердің ерекшеліктерін білуі қажет екенін айтты, онымен қоса, тәжірибелі қызметкерлердің жиі ауыспауы және мектептің ерекшеліктерін білуі үшін оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету керегіне тоқталды. Өз кезегінде, ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Нұр-Сұлтандағы гимназиялардың біріне баратынын айтты.

Асхат Аймағамбетов мектептердегі бейнебақылаумен қамтамасыз ету мәселесіне жеке тоқталды. Әкімдіктердің мәліметінше, барлық оқу орындары бейнекамералармен жабдықталған. Алайда, тексерістер көрсеткендей, кейбір бейнекамералар жұмыс істемейді, ал кейбіреулері жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Министр бейнекамералардың саны емес, бейнебақылаумен нақты қамту маңызды екенін атап өтті.

Добавить комментарий