Қазақстанда педиатр дәрігерлер тапшы

Қазақстанда балалар дәрігерлері өте тапшы. Бұл ретте мамандарды даярлау мәселесі туралы сөз болыпжатқан жоқ.

Педиатрия бойынша резидентурада оқуға 111 өтініш түсті.

Балалар дәрігерлерінің жетіспеушілігі проблемасын Нұр Отанның Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері көтерді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 4 тармағын орындады. Егде адамдардың ауруларын емдеуге маманданған медицина мамандарын даярлаудың 3 білім беру бағдарламасы әзірленіп, медицина қызметкерлерін, оның ішінде арнаулы салаға маманданған кадрларды даярлауға 4685 грант бөлінді

Үш зертхана жоғары технологиялық жабдық алған, ал аудандық ауруханалар мен перзентханалар қажетті жабдықпен 76,8%-ға қамтамасыз етілген.

«Биыл 1000 дана босандыру жабдығы, 75 рентген аппараты және 16 компьютерлік томограф сатып алынды. Сонымен қатар, арнаулы салаға бейінделген мамандарды даярлауға гранттар бөлу кезінде өңірлердің өтінімдеріне сүйенетінімізді атап өткім келеді. Мысалы, педиатрия бойынша резидентурада оқуға 111 өтініш түсті», — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Добавить комментарий