Қазақстанда парламенттік сайлауға алты саяси партия жіберілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа саяси партиялардың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ДКК режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1) «Саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысуға жіберу туралы»;
2) «Партиялық тізімдерді ұсыну және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру тәртібі туралы».

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев бекітілген күнтізбелік жоспарларға сәйкес Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну ағымдағы жылдың 10 қарашасынан басталатынын хабарлады. Осыған байланысты саяси партияларды алдағы сайлауға жіберу туралы мәселені осы электоралдық кезең басталғанға дейін ОСК қарайды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов сөз сөйледі. Ол партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі екенін хабарлады.

Әділет министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында алты саяси партия тіркелген және жұмыс істейді. Бүгінгі таңда барлық саяси партиялар белгіленген тәртіппен жұмыс істейді, уәкілетті органдарда саяси партияларды қайта ұйымдастыру немесе тарату бойынша құқықтық негіздер жоқ.

Осылайша, Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы», Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Nur Otan» партиясы», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысуға жіберу туралы қаулы қабылданды.

Саяси партияларды мәслихат депутаттарын сайлауға жіберуге қатысты «Ақ Жол», «Ауыл», «ҚКХП», «Nur Otan» және «ЖСДП» саяси партияларында 14 облыста, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында филиалдар тіркелген және жұмыс істейді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен аталған саяси партиялар барлық өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді.

«Бірлік» партиясының 13 облыста, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында филиалдары тіркелген және жұмыс істейді. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында филиал болмағандықтан, «Бірлік» партиясы осы аймақтардағы мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуға жіберілмейді.

Осыған байланысты Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мәслихаттарын қоспағанда, «Бірлік» саяси партиясының мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуына рұқсат беру туралы қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, Берік Имашев егер «Бірлік» партиясы аталған екі өңірде филиалдар ашып, тіркейтін болса, онда ол Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға рұқсат ала алатынын атап өтті.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров сөз сөйледі.

Өз баяндамасында К.Петров кезекті сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталатынын хабарлады. Мәслихат депутаттарын ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы — яғни съезд мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихат депутаты болып сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының, яғни конференцияның көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияға мүше болып табылмайтын адамдарды енгізуге құқығы жоқ.

Сондай-ақ, жаңа нормаға сәйкес, саяси партия Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіту кезінде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы мөлшерінде жиырма бес жасқа толмаған әйелдер мен тұлғаларды қамтиды.

Ү.ж. 21 қазанда Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен электрондық және қағаз түрінде ұсынылатын партиялық тізім нысаны белгіленді. Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.

Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың Конституцияда және Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Осыған байланысты көрсетілген құжаттар келіп түскеннен кейін дереу уәкілетті мемлекеттік органдарға:
1) Iшкi iстер министрлiгiне — соңғы он жыл iшiнде Қазақстанда Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың азаматтығын анықтау және тұру бөлiгiнде;
2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне: партиялық тізімге енгізілген кандидаттар бас бостандығынан айыру орнында болған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы болған; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған; соттың әрекетке қабілетсіз деп тануы.
3) Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен саяси партияның тіркелуін растау бөлігінде.

Тіркеуге бір саяси партиядан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайыздан аспайтын, оған енгізілген адамдардың саны бар бір ғана тізімі жіберіледі. Партиялық тізімдерді тіркеу 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы (облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалық, аудандық) партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың Конституцияда және Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Осыған байланысты, белгіленген құжаттарды алғаннан кейін, уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жібереді:
1) Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына — азаматтықты растау бөлігінде;
2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына — партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың бас бостандығынан айыру орнында болуы; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығы болған; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған; соттың әрекетке қабілетсіз деп тануы.
3) Әділет министрлігінің аумақтық органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен саяси партияның уәкілетті органда тіркелуін растау бөлігінде саяси партияның филиалының (өкілдігінің) тиісті мәслихаттар депутаттарының сайлауында партиялық тізімдерді ұсыну жөніндегі өкілеттіктерін белгілеу.

Партиялық тізімдерді мәслихаттарға тіркеу 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сәйкес кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне, яғни 2020 жылғы 1 қарашаға табыстары мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Осыған байланысты Ортсайлауком Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн тiркегеннен кейiн кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) мәлiмдеген табыстары мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау бөлiгiнде дереу Қаржы министрлiгiне сұрау салу жiбередi.

Тиісті аумақтық комиссиялар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына сұрау салу жібереді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені қорытындылай келе, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев саяси партиялар саяси бәсекелестіктің негізгі субъектілері бола отырып, өңірлік деңгейде де депутаттық мандаттар үшін күреске сенімді түрде қосылу үшін жеткілікті тәжірибе жинағанын атап өтті. Бүгін олар рұқсат алды, енді оларға алға жылжу кезеңі күтілуде. Ол партиялық тізімдерді ұсыну заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдар» келісілді.

ОСК төрағасы Берік Имашев саяси партиялар өкілдерінің назарын депутаттыққа кандидаттарды ұсыну бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде осы ұсынымдарды мүлтіксіз сақтау қажеттігіне аударды.
Отырыстан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берген бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өтті.

Добавить комментарий