Қазақстанда пандемия кезінде — 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйек айының соңына дейін қанша компания банкрот болғаны белгілі болды. Бұл туралы еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде 385 қазақстандық компания банкрот болды. Олардың ішінде бес ірі кәсіпорын, 30 орта және 350 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар.
Банкротқа ұшырағандар арасында көтерме-бөлшек сауда саласы бірінші орында тұр: мұнда 219 компания тіркелген. Екінші орында құрылыс (91 борышкер). Үшінші кезеңде — өңдеу өнеркәсібі (13).
Бұл компаниялар 815 қызметкерге 425,1 миллион теңге қарыз. 1 қазандағы жағдай бойынша тек 95,2 миллион теңге ғана қайтарылды.
Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда банкротқа ұшыраған кәсіпорындар саны төмендеді: 2019 жылдың тоғыз айында 761 кәсіпорын банкрот жариялады. Олардың ішінде бір ірі компания, жеті орта және 753 шағын компания бар.
Тағы 2 934 компания банкрот болғаны туралы құжаттарын рәсімдеуде. Тағы 45 328 заңды тұлға қазір белсенді емес.