Қазақстанда пәтерлер 30%-ға қымбаттады

Қазақстанда соңғы бір жылда пәтер бағасы күрт қымбаттады. Хабарланғандай, пәтерлерді қайта сату бағалары өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30%-ға өсті.

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2% артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Сәуір айында пәтерлерді қайта сату бағалары 1,8%-ға өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде әрқайсысы 0,8%-ға жоғарылап, шаршы метріне 3 561 теңгеге қымбаттады.

«Тұрғын үй бағасы қатарынан бесінші жыл өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана болды, ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандады, 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған.

Добавить комментарий