Қазақстанда онлайн-жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен сайт иелері ұсталды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Kyzdar.Net сайты арқылы онлайн-жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталғанын хабарлады.

Айыпталушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңгеге жеткен, күніне кірісі 2 миллион теңгеден асады. Сайтта 6 мыңнан астам интимдік сипаттағы хабарландыру орналастырылған.

Сарапшылар порнографиялық сипаттағы контент пен ақылы жыныстық қызметті жарнамаланғанын растады. Тергеу шеңберінде 150 адамнан жауап алу жүргізілді, сондай-ақ криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған сайт заңнамаға сәйкес бұғатталды.

Добавить комментарий