Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты 15 әуе рейсі кешіктірілді

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Қазақстанда 15 әуе рейсі кешіктіріліп жатқанын ескертті.

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласының әуежайынан келесі рейстер кешіктіріледі:

Air Astana (Fly Arystan):

КС 7364 Түркістан — Астана;

КС 346 Өскемен — Астана;

Атырау — Астана;

КС 7392 Ақтөбе — Астана;

КС 7326 Шымкент — Астана;

КС 7391 Астана — Ақтөбе;

КС 7325 Астана — Шымкент.

Scat:

DV 748 Павлодар — Астана;

DV 844 Ереван — Астана;

DV 741 Астана — Ақтау;

DV 704 Астана — Алматы.

Qazaq Air:

IQ 360 Алматы — Астана;

IQ 522 Омбы — Астана;

IQ 353 Астана — Алматы.

Fly Dubai:

FZ 1308 Астана — Дубай.

Жолаушыларға алдын ала сайттан немесе әуе компанияларының немесе әуежайдың анықтамалық қызметі арқылы рейстердің мәртебесін тексеруге кеңес берілді.

Айта кетейік, соңғы күндері Астанада қарлы ауа райы болып тұр. Демалыс күндері жауған жауын-шашынның көлемі бір жарым айлық нормадан асты. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий