Қазақстанда қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады

Қазақстандық көлік компаниялары қоғамдық көлікте төленетін жолақыны көтеруде.

Тек Қарағанды облысының өзінде жолақысы бірден 40%-ға көтерілді. Бұған дейін Қарағандыдан Жәйрем ауылына бару үшін бір адам 1800-2000 теңге төлесе, қазір бір бағыттағыбилет 2850 теңге тұрады. Сондай-ақ, Атасу, Жаңаарқа, Жезқазған, Ботақара бағыттарындағы жол құны 200-500 теңгеге қымбаттады.

Ақтөбеде жанар-жағармай бекеттерінде әр жүргізушіге 50 литрден артық дизель отыны сатылмайды.

Облыс әкімдігі әзірге өңірдегі дизель отынының тапшылығын шеше алмай отыр. Қазір бір литр дизель отынының құны 320 теңгені құрайды.

№2 автопарк басшылығы бағаның өсуі қаржылық қиындықтарға және дизель отынының тапшылығына байланысты екенін түсіндірді. Автопарк солярка талонын сатып алуға қаражат жетпейтінін және кейбір бағыттар бойынша жүретін автобустардың санын қысқартуға мәжбүр болғанын хабарлады. Биыл әкімдік оларға 20%-ға субсидия берді.

Добавить комментарий