Барлық жерде цифрландыру және көптеген қызметтерді ресімдеу үшін жеке қатысуды қажет етпейтіндігі бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да киберқылмыстардың көбеюіне әкелді. Экономикалық дағдарыс кезінде ең көп таралған түрлердің бірі — несиелерді ресімдеу және жеке шоттардан ақша ұрлау.
Біз елдегі алаяқтық несиелендіру мәселесін толығырақ талдауды шештік. Бүгінде қылмыскерлер жеке мәліметтерді ала отырып, сізге оңай несие рәсімдей алады. Егер мұны тек сауатты аз және технологияны түсінбейтін адамдармен ғана болады деп ойласаңыз, біз сізбен келіспейміз. Кейде онлайн-технологияға деген құштарлық зиян келтіруі мүмкін.
Сонымен, алаяқтардың құрбаны кім болуы мүмкін? Негізінен, адамдардың үш тобы бар:
1) Жеке деректерге жеңіл қарайтындар (мысалы, мессенджерлер арқылы фото куәліктер мен карталарды жібереді);
2) Заттарды онлайн сататындар немесе сатып алатындар;
3) Жылдам табыс табуды қалайтындар.
Егер сіз аталған санаттардың ешқайсысына кірмесеңіз де, мұндай проблемаға тап болу қаупі бар. Мысал үшін, сіз қанша рет өзіңіздің картаңызды немесе банк картасының деректерін пайдаландыңыз? Қайда және қашан көрсеткен едіңіз? Қандай бағдарламада немесе сайтта сақтадыңыз?
Онлайн алып-сату
Онлайн сауданың, әсіресе, жекеменшік сауданың өсуі — Instagram және хабарландыру сайттары қылмыскерлерге сатушыларға несиені оңай ресімдеуге көмектеседі.
ІІМ азаматтарды хабарландыру сайттарынан тауар сатып алудан сақ болуға шақырады. Алаяқтар өз құрбандарын арзан бағамен, сатылыммен, акциялармен қызықтырады. Ақшаны электрондық әмиянға немесе картаға аудару арқылы алдын ала төлем алған соң, олар телефонды өшіріп, байланысқа шықпай қояды.
Басқа схема бойынша алаяқтың өзі хабарландыру бойынша қоңырау шалып, құрбанға тауар үшін кепілақы қабылдауды ұсынады. Санамалау үшін карта нөмірін хабарлауды сұрайды. Біраз уақыттан кейін ол қайтадан қоңырау шалып, ақша аудару үшін қажетті телефонға түскен SMS-кодты айтуын сұрайды. Алаяқтарға интернет-банкингті қосу үшін код қажет.
Сондай-ақ қылмыскерлер пәтерді, автомашиналарды сату туралы жалған хабарландыруларды орналастырып, құнының төмендігін көрсеткен жағдайлар да белгілі. Әдетте сатып алушы нөмірге хабарласпайды және мессенджер бойынша хат алмаса бастайды. Алаяқ басқа қалада немесе шетелде екенін айтып түсіндіреді.
Ақшаның болуына кепілдік ретінде халықаралық төлем жүйесінде (Unistream, Western Union және т.б.) өзіне немесе туысына шот ашуды және сонда келісілген соманы аударуды сұрайды. Шот иесінің хабарынсыз ешкім одан ақша ала алмайтынына сенімді болған соң, сенімді сатып алушылар қаражатты аударып, алаяққа чектің суретін жібереді. Айла-шарғы мынада, қылмыскер чекпен бірге төлем нөмірін алады, шот иесінің атына жалған құжаттарды қолданып, ақшаны басқа елде алады.
Жұмыс іздеудемін — қарыз табамын
Егер сізге жұмыс уәде етілсе, онда кем дегенде әңгімелесуден өту керек. Түйіндемесіз және онлайн жұмысқа орналасуға болатыны туралы әңгімелер, өкінішке қарай, тек ертегі ғана болып қалады.
Қазірдің өзінде белгілі алаяқтық нұсқасы бар. Ол онлайн-жұмыс биржаларының барлық түрлерінде болған және интернет арқылы қашықтан ақша табудың нұсқасын іздегендердің барлығына таныс. Мысалы, қосымша немесе баламалы табыс іздеген адам мәтін жазуды не теруді талап ететін хабарландыруға жауап береді.
Жағдай әрқашан өте жақсы: тәжірибесіз адам қажет, ешқандай дағдылар қажет емес, басқа елден жұмыс істеуге болады, бәрін оқытады және оқумен немесе басқа жұмыспен біріктіруге болады. Осындай «арман жұмысына» орналасу үшін өз ниетіңді растау үшін 300 — 1 000 рубль төлеу керек. Аударымнан кейін тапсырыс беруші байланысқа шығуды тоқтатады. Бұл алдау әдісі «жұмыс істеуді» жалғастырады, кейде шамалы айырмашылықтармен.
Мысалы, Нұр-Сұлтанда алаяқ құжаттар мен банк карталарының деректемелері бойынша онлайн-қарыз рәсімдеген. Оның құрбаны болған елорданың үш тұрғыны, қылмыскерге мессенджер арқылы қажетті мәліметтерді өздері берген.
«Жәбірленушілер интернетке жұмыс іздеу туралы хабарландырулар орналастырды. Оларға белгісіз біреу жауап беріп, өзін сауда компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жұмыс ұсынады. Жұмысқа орналасу үшін алаяқ мессенджер арқылы жеке куәлік пен банк картасының деректемелерін жіберуді сұрадйы, жәбірленушілер айтқанның бәрін істеген», — деді полицияның баспасөз қызметі.
Соңынан алаяқ өзінің құрбандарына картасына бөгде адамнан ақша түсетінін айтып, оларды электрондық әмиянға аударуды сұрады. Ештеңеден күдіктенбеген, әйелдер түскен ақшаны белгісіз электрондық әмиянға аударған.
«Бірнеше күннен кейін олар өздерінің атына шағын несие ұйымына несие ресімдегенін және картаға түскен ақшаның олардың несиесі екенін біледі. Олар жұмыссыз ғана емес, сонымен бірге қарызға белщесінен батып қалды», — деп толықтырды полиция.
Жеңіл ақша — ащы көз жасы
Қазақстанның әрбір кәмелетке толған азаматына 13 қарыз тиесілі. Бұл Бірінші несие бюросы талдаушыларының мәліметтері. Олардың базасында бүгінде 55 миллионнан астам банктік келісім бар. Егер сізге банктен несие беруден бас тартылса, онда оған объективті себептер бар екенін атап өткім келеді. Кез келген банк әрқашан қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктерін есептейді. Және бас тартқан жағдайда басқа нұсқаларды іздеп, белгісіз адамдардан кез келген пайызбен қарыз алуға келісудің қажеті жоқ. Ешқандай жағдайда үшінші тұлғаларға қарыз алу бойынша көмек сұрамаңыз.
Міне, алаяқтардың танымал схемасы — бөтен адамдардың атымен онлайн-несиелерді рәсімдеу. Осылайша, Нұр-Сұлтан тұрғыны хабарландыру сайттарында несиені рәсімдеуге көмек көрсетуді ұсынумен айналысқан. Сеніміне кіріп, ол азаматтардың құжаттарының көшірмелерін, мекен-жайлары мен жеке ақпараттарына қол жеткізіп, содан кейін микрокредиттік ұйымдардан өзіне онлайн-қарыз алды.
Сандық гигиена
Бұл айтарлықтай қызықты сөз тіркесі жақында ғана сөздік айналымға енді және ол цифрлық құрылғының ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың ережелері мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, ұялы телефоныңыздың (компьютер, планшет) деректері қауіпсіз және оларды ұрлай алмауы үшін істеудің қажеті жоқ. Ал ұрлайтын нәрсе бар. Зерттеулер көрсеткендей, Желі пайдаланушыларының басым бөлігі өз телефондарында пин-кодтар мен құпия сөздерді сақтайды. Бұл желі пайдаланушыларының көпшілігі qwerty немесе 123 сияқты қарапайым құпия сөздерді қолдануды үнемі және табандылықпен жалғастыра беретіндігіне қарамастан.
Жалпы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін. Әрине, тәуекелдерді азайтатын сақтық шаралары бар, бірақ, өкінішке қарай, олар 100 пайыздық қорғау болып табылмайды. Бірақ оларды есте сақтау керек:
1) Үнемі өзіңіздің аккаунттарыңыздың және жеке шоттарыңыздың парольдарын ауыстырыңыз, парольдар күрделі болуы тиіс;
2) Төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: SMS растау, IP-мекенжайларды бақылау, 3D-secure және т.б.;
3) Банктер мен төлем жүйелері ешқашан хат жібермейтінін және клиенттерінің телефондарына оларға шоттардың деректерін беруді сұрап қоңырау шалмайтынын есте сақтаңыз;
4) Пластикалық карточкадан ақша алу үшін картаның нөмірін және CVV (картаның артқы жағындағы соңғы үш цифрды) білу жеткілікті, сондықтан картаны қараусыз қалдыру немесе жеке деректеріңізді беру ұсынылмайды;
5) Картаны мобильді банк қызметіне қосу пайдалы;
6) Интернеттен сатып алу және қолма-қол ақшаны алу үшін лимиттер белгілеу қажет;
7) Сіздің карточкалық шотыңыздағы ақша қозғалысын тұрақты тексеріңіз;
8) Егер әңгіме интернет-дүкен туралы болса, онда, ең алдымен, пікірлердің, Интернеттегі ақпараттың жетіспеушілігі және арзан бағалар алаңдаушылық туғызуы керек.