Қазақстанда нан сатып алуға шектеу қойылды. Хабарланғандай, Алматыда бір адамға бес наннан артық сатылмайды.
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ақпаратты растап, нанның бөлшек сауда бағасы зауыттың сату бағасымен белгіленген фирмалық дүкендерде ғана бір адамға 5 бөлке наннан артық сатылмайтынын айтты.
Кейбiр сатып алушылар таңертеңгi уақытта өнiмнiң барлық көлемiн жоғарылатылған бағамен қайта сату үшiн сатып алады. Алайда «Ақсай» ЖШС қалыпты нан (әлеуметтік) өндірісі бұрынғы деңгейде қалып отыр. Сәйкесінше, қала дүкендеріне өнім жеткізу көлемі азайған жоқ, — деп сендірді басқармада.
Мұндай тәжірибе халықтың әлеуметтік өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуы үшін қолданылады. Бұған дейін әкімдік пен «Ақсай» ЖШС арасында жасалған келісім аясында нанның сату бағасы 75 теңге деңгейінде бекітілді.