Биылғы жылы Қазақстанда ұн өндірісі айтарлықтай қысқарып, ал ұн күрт қымбаттады. Жарияланған деректерге сәйкес, жоғары сұрыпты ұн бір жылда 24 пайызға қымбаттады. Бірінші сорттың құны — 17 пайызға өсті.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздің ұн тартушылары 2,4 миллион тонна ұн өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға аз.
Оның ішінде ұсақ тартылған бидай ұны өндірісі 2,3 миллион тоннаны (жылына минус 2,3 пайызды), нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспалар — 167,1 мың тоннаны (минус 2,3 пайызды), өсімдік ұны — 10,7 мың тоннаны (плюс 56 пайызды), бидайдан басқа дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұн — 5,4 мың тоннаны (минус 48,4 мың тоннаны) құрады.
Анықтама үшін: 2019 жылы елімізде 3,3 миллион тонна ұн өндірілді — өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға аз.