Қазақстанда мигранттар мен студенттер ақысыз егіледі

Қазақстанда шетелдік студенттер мен мигранттар ақысыз егіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Бұл алдын алу шарасы елімізде үш айдан астам уақыт тұрып жатқандар үшін қарастырылған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты тұратын және тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға да вакцинация тегін жүргізіледі», — деді Цой.

Сонымен қатар, ол күні кешее ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдік студенттер мен мигранттарға қатысты қабылданған шешім туралы хабарлады.

Сонымен қатар, кеше коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ВАК отырысында ел аумағында үш айдан астам жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да еліміздің ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін ақысыз егіледі деген шешім қабылданды, — деп түйіндеді ведомство басшысы.

Добавить комментарий