Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер таксист болып жұмыс істей алады

Қазақстан билігі мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беруі мүмкін.

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беру жоспарлануда. Олар бұрынғысынша кәсіп аша алмайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға рұқсат етілетінін хабарлады.

«Біз мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан бос уақытта қосымша жұмыспен айналысуға заң жүзінде рұқсат бергіміз келеді. Қазір заңнамада жоқ. Бірақ біз осындай норманы енгізуге дайындалып жатырмыз», — деді Анар Жайылғанова ОКҚ-да өткен брифингте.

Алайда, ол атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлерге бұрынғысынша кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды.

«Жалпы, қосымша жұмыспен айналысуға болады. Таксист болып жұмыс істесе болады. Отбасыны асырауға қосымша қаражат қажет болса, мұндай жағдайлар үшін заңға түзетулерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ», — деп қорытындылады сөзін МҚІА басшысы.

Добавить комментарий