Қазақстанда мемлекеттік сатып алу процедурасы жеңілдетіледі

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы қаралуда. Ол сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба процесті жеңілдету және сатып алу рәсімдеріне икемділік беру, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау көздейді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның алқа отырысында елдегі мемлекеттік сатып алу процедурасын қайта қаралатынын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжат сатып алынатын жұмыстардың, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға, процесті жеңілдетуге және сатып алу рәсімдеріне икемділік беруге және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Заң жобасын биылғы жылдың күзінде Парламенттің қарауына енгізу жоспарланған», — деді ол.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, электронды мемлекеттік аудитті кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіріліп жатыр. Оған 68 жаңа тәуекел индикаторлары енгізілді және квазимемлекеттік сектордың 8 мың субъектісі бойынша мәліметтер алынды.

«Сондай-ақ, мемлекеттік шығындарды жоспарлауды тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы автоматтандырылатын онлайн режимінде бюджеттік мониторинг бойынша жоба іске асырылуда. Бұл бізге бюджетті жоспарлау деңгейінде камералдық бақылауды енгізуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Қаржы министрлігінің басшысы.

 

Добавить комментарий