Қазақстанда мемлекеттік басқару моделін өзгерту жоспарлануда

Қазақстанда мемлекеттік басқару моделін өзгерту жоспарлануда, осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды өзгерту тұжырымдамасы әзірленді.

Атап айтқанда, мына түзетулер жоспарлануда:

мемлекеттік қызметшілерді ротациялау мехнизмін жетілдіру;
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар аппараттары басшыларының лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін белгілеу;
мемлекеттік қызметшінің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды және қызметтік этиканың өзге де стандарттарын сақтау жөніндегі міндетін енгізу;
мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс уақытын қысқарту;
келісімшарттық қызметшілер институтын енгізу;
мемлекеттік органдарға әлеуметтік желілерде бос орындар туралы хабарландырулар жариялау мүмкіндігі беріледі.

Құжатты әзірлеушілер атап өткендей, мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының әкімшілік-бақылау нысанына негізделген қолданыстағы мемлекеттік басқару моделі халықтың үміттеріне толық қанағаттандырмайды.

Осының салдарынан басты құндылықтар азаматтар және олардың әл-ауқаты болып табылатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағытталған» моделін қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Пандемия кезеңіндегі мемлекеттік органдардың жұмысы мемлекеттік аппараттың ұтқырлығын арттыру қажеттігін көрсетті.

Заң жобасы шілде айында Әділет министрлігіне, тамыз айында үкіметке, қазан айында Парламентке ұсынылуы тиіс.

Добавить комментарий