Қазақстанда Мексика елшілігі ашылады

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада Мексиканың елшілігі ашылатынын хабарлады.

«12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр Марсело Эбрард өз сөзінде ағымдағы жылда тұрған мақсаттар туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да елшілік ашатынын ресми түрде жариялады. Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайды және Мексиканың Астанада елшілігін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын», — деді Айбек Смадияров.

Добавить комментарий