Қазақстанда мұнай өндірісі nөрттен бірге қысқарды

Қазақстанда бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемі 25%-ға қысқарды.

Қазақстанда тәуліктік мұнай өндіру көлемі 4 сәуірдегі жағдай бойынша 192 мың тоннаны құрады, бұл наурыз айының орташа көрсеткіштен 25%-ға аз.

Бұл дегеніміз Қазақстан соңғы күндері тәулігіне 420 мың баррель мұнай өндіруде. Яғни, күн сайын мұнайдан түсетін экспорттық түсім $43 млн-ға аз.

Мұнай өндіру көлемі бойынша болжам 2022 жылы 1,8 млн тоннаға — 85,7 млн тоннаға дейін төмендеді.

ҚР Үкіметі мұнай бағасы барреліне 90 доллар және долларға шаққандағы теңге бағамы 460 болатынын негізге ала отырып, бюджетті қайта қарады.

Егер мұнай бағасы барреліне $90-нан төмен болса, 2023 жылы Ұлттық қордан берілетін трансферттерді есепке алмау қаупі туындайды, өйткені Ұлттық қордағы қаражаттың ең төменгі қалдығы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан кем болмауы тиіс.

6 сәуірдегі толықтыру:

Бір тәулікте (05.04.22) Қазақстанда 202,3 мың тонна мұнай мен конденсат өндірілді. 20%-ға төмендеді (КТК терминалындағы төтенше жағдайға дейінгі өндіріспен салыстырғанда).

Добавить комментарий