Қазақстанда Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығын салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин хабарлады.
«2020 жылы 210,8 млрд теңге сомасына 23 жоба іске қосылды. Сонымен қатар, мұнай-газ машина жасауды дамыту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктері мен ірі мұнай-газ операторлары (Tengizchavroil, Karachaganak Petroleum Operating B.V және North Caspian Operating Company) арасында мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құруға қатысты ниет туралы келісімге қол қойылды (бұдан әрі – Орталық).
Осы Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасында мұнай-газ жабдықтарын немесе олардың компоненттерін өндіру бойынша 5-10 бірегей жобаларды құру болып табылады.
«Орталықтың функциялары ҚР аумағында оқшаулау үшін жаңа OEM-өндірушілерді (басқа өндірушілерге басқа сауда маркасымен сатылуы мүмкін бөлшектер мен жабдықтарды шығаратын компания — ред.) тарту, әлемдік үздік мамандарды тарту, кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және біліктілік мүмкіндіктерін бағалау және мұнай-газ машина жасау өнімдерін сертификаттау бойынша жұмыстарды қамтитын болады», — деп түйіндеді А. Мамин.