Қазақстанда МӘМС-ке қосылудың жаңа ережесі бекітілді

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандыры ережесі өзгертілді.

МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін енді өткен 12 айға жарна төлеудің қажеті жоқ. 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасауға болады. Бұл жыл бойына сақтандырылуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлағандай,шілде айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бекітілді.

Осылайша, сақтандыру мәртебесін алу үшін келесідей қадам жасау керек:

12 айдың өтіп кеткен кезеңдері үшін төлем жасап, мәртебені жоғалтпау үшін жарналарды одан әрі жүйелі түрде төлеуді жалғастыру керек. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы және ол үшін қазір жарналар түсіп жатыр.

Ағымдағы айларды қоспағанда, болашақ 12 айға төлем жасап, бір жыл ішінде сақтандырылу керек. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін төлем жасау қажет.

Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильді қосымшалары, Қазпошта және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке 3 000 теңгеден төлеу қажет. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін оларға мәртебе беріледі.

Сақтандырылу мәртебесін қала тексеруге болады:

fms.kz ресми сайты;
1406 байланыс орталығы;
Telegram-дағы SaqtandyryBot;
Qoldau 24/ 7 мобильді қосымшасы.

“МӘМС туралы Заңның жаңа нормасын енгізгенге дейін сақтандырылу мәртебесі өткен 12 ай үшін жүйелі төлем болған кезде ғана берілді. Сондықтан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмек алу қажеттілігі туындаған кезде сақтандырылмаған адамдар төлем жасамаған айлар үшін жарналарды, яғни берешекті төлеуі керек еді. Алайда бұл нұсқа бәрінің бірдей көңілінен шықпады. Енді сақтандырылудың баламалы тәсілі пайда болды. Алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеуге мүмкіндік бар. Бұл жыл бойы МӘМС-те медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді”, – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, қазақстандықтар медициналық қызметті толық көлемде алмағандықтан, жүйе тиімді емес. Ол ерікті медициналық сақтандыруды енгізуді тапсырды.

Добавить комментарий