Қазақстанда ресми лексиконнан «мүгедек» сөзін алып тастап, жаңа айыппұл енгізу жоспарлануда.
Қазақстан Үкіметі Сенат депутаттары әзірлеген заңнамаға жаңа түзетулер қаралуда. Олар жарымжан жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
«Заң жобасы кемсітушілік терминологиясын алып тастау, яғни «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар тұлға» дегенге ауыстыру, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беру сияқты нормаларды көздейді. Бүгін мұндай мәртебе жоқ «, — деді 28 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.
Бұдан басқа, заң жобасында ата-анасының біреуіне немесе мүгедектігі бар баланың қамқоршысына санаторий-курортына емделуге тегін жолдама беру бойынша норма көзделген. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамағандықтан жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті өтеудің тетігін енгізу заңнамалық тұрғыдан қарастырылған.
Құжатта 82 заңнамалық актіге 38 түзету енгізілген.