Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі сақталады

Ашық көздерден алынған деректерге сәйкес, Қазақстанда базалық мөлшерлеме бұрынғы деңгейде қалады.

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00% болады.

«Шешім азық-түлік нарықтарындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым инфляциялық қысымға негізделген. Халықтың инфляциялық күтулері тұрақталмаған және жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар, тұтынушылық сұраныс тарапынан дезинфляциялық әсердің біртіндеп әлсіреуі күтілуде, бұл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы жағдайында экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты болады «, — делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де жарияланады.

Добавить комментарий