Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші өсті

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда былтыр өлім-жітім көрсеткіші 13%-ға өсті.

Қазақстандықтар көбінесе қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары мен ісік ауруларынан қайтыс болады.

2021 жылы Қазақстанда 183,4 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға көп. 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 38,5%-ға артты, деп хабарлады Ranking.kz.

Былтыр көз жұмғандардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелді — 18,8 мың адам(13,1%-ға көп). Одан кейін Алматы облысы — 18,7 мың (15,3%-ға көп) және Алматы — 18,4 мың (25,6%-ға көп). Ең аз өлім-жітім көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелді — 4,5 мың адам (6,4%-ға көп).

Қайтыс болғандардың ең көбі Алматыда, ең азы Түркістан облысында тіркелді. Бір жыл ішінде Қазақстанның 17 өңірінен тек Қызылорда облысында өлім-жітім саны қысқарды — өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға аз.

Ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың көбі қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болады — 2021 жылы 43,4 мың адам қайтыс болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға көп. 20,8 мың адам тыныс алу органдары ауруларынан қайтыс болды — өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға аз. Еліміздің 14,5 мың тұрғыны ісік ауруынан көз жұмды.

Добавить комментарий