Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін», — делінген вице-премьер — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің бұйрығында.

Қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі мынадай азық-түлік түрлерінен тұрады:

  • бірінші сұрыпты бидай ұны;

  • бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);

  • рожки (өлшеніп салынатын);

  • қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);

  • тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);

  • картофель;

  • асханалық сәбіх;

  • пияз;

  • ақ қауданды қырыққабат;

  • ақ қант- құмшекер;

  • күнбағыс майы;

  • сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);

  • тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);

  • пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;

  • майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;

  • Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

  • тауық жұмыртқасы (I санаты);

  • ас тұзы («экстра» -дан басқа);

  • сүзбе: майлылығы 5-9%.

Добавить комментарий