Қазақстанда балалар игілігінің индексі енгізіледі. Үкіметтің баспасөз қызметі атап өткендей, ол балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, білім алуын, материалдық әл-ауқатын, әлеуметтенуін қамтиды.
ҚР Министрлер кабинетінің отырысында осы индекстің көмегімен балалардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігі қадағаланатын болады деп атап өтілді.
Осыған байланысты Премьер-Министр Асқар Мамин екі апта ішінде білім беру және бос уақытты өткізу саласының объектілерін тиісті қауіпсіздік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды.
«Бейнебақылау жүйелері мен олардың Полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграциялануына, “дабыл түймесінің” болуына және шұғыл әрекет етуге ерекше назар аудару керек. Барлық іс-шаралар оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы тиіс», — деді Мамин.