Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар шаралар енгізіледі

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі ағымдағы жылдың 2 қарашасында Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында елдегі нақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, сондай-ақ COVID-19 екінші толқынына дайындық дәрежесі туралы хабарлады.

Отырыстың басқа да қатысушылары жеке қорғау құралдарының баға саясатының мониторингі бойынша — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ; санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша — ішкі істер министрі Ералн Тұрғымбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, өңірлердегі жағдай туралы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының әкімдері, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары баяндады.

2 қарашадағы жағдай бойынша еліміздің көптеген өңірлерінде сырқаттанушылықтың өсімі байқалады. 5-18 қазан аралығында елімізде 1272 науқас анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында 3352 адам ауру жұқтырды. Тәулік ішінде 442 адам ауру жұқтырды. Өсім қарқыны — 0,4%, репродуктивтілік көрсеткіші — 1,4.

Инфекциялық төсек-орындар 22%-ға, реанимациялық төсектер 18%-ға жүктелген.

Бір ай ішінде сырқаттанушылықтың ең көп өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалады.

Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары мен карантиндік режимді сақтауын бақылау бойынша мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Премьер-Министр барлық өңірлер тұрақтандыру қорларын Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне дейін жеткізу бойынша алға қойылған міндетті орындағанын атап өтті.

Үкімет басшысы емханаларды, стационарларды, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықтармен жасақтауды жалғастыруды тапсырды. Цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктеріне байланысқан адамдарды, науқастарды қадағалау, санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және енгізуді жеделдету, Индустрия министрлігіне — рентгенаппараттарды, жедел жәрдем автокөліктерін өңірлерге жеткізуді жеделдету, әкімдіктерге оларды қабылдауды жеделдету тапсырылды.

ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

  1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері; Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
  2. Визасыз режим бойынша

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтату 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту. ҚХР мен Үндістаннан келген транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуын тоқтата тұру 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

  1. Түркиямен әуе рейстері бойынша

Ағымдағы жылғы қарашаның 9-нен бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқартылсын.

Добавить комментарий