Қазақстанда 2021 жылғы 2 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша коронавирус пен пневмониядан 102 адам өлімі тіркелді.
Хабарланғандай, 2 мыңнан астам адам ауыр және өте ауыр халде жатыр.
Қазақстанда 31 шілде күнгі мәлімет бойынша, коронавирустық инфекциядан (КВИ+) және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 102 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
КВИ-ден 86 адам, коронавирустық пневмониядан 16 адам көз жұмды.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап: республикада коронавирустық инфекциядан — 6 043 адам, ПЦР-тесттің теріс нәтижесі бар COVID-19 белгілері бар пневмониядан — 3 740 адам қайтыс болды.
1 тамызда коронавирустық инфекцияның 7 573 жаңа жағдайы тіркелді. Осы уақытқа дейін Қазақстанда COVID-19 індетінің 587 952 жағдайы тіркелді, 482 958 адам жазылып шықты.
31 шілдеде ПТР-тесттің теріс нәижесімен COVID-19 белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы тіркелді және 106 адам жазылып шықты. Республикада коронавирустық пневмонияның барлығы 61 255 жағдайы тіркеліп, 54 764 адам жазылып шықты.
2 тамыздағы мәлімет бойынша, COVID-19-дан 101 702 адам (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ-) емделуде. Стационарларда 28 541, амбулаториялық деңгейде 73 161 пациент жатыр. КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 676 адамның жағдайы ауыр,
• 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.