Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдардың саны туралы мәліметтерді ұсынды. Шығыс Қазақстанда ең көп жаңа науқастар байқалады деп хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік! Кеше 66 жаңа жағдай туралы хабарланды.

Қазіргі таңда елімізде барлығы 108 454 жағдай расталды, оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 8 868 (+ 19),

Алматы қаласында — 14 419 (+ 10),

Солтүстік Қазақстан облысында — 4 169 (+ 9),

Нұр-Сұлтан қаласында — 14 153 (+ 8),

Атырау облысында — 11 120 (+ 8),

Павлодар облысында — 3 966 (+ 7),

Түркістан облысында — 3 388 (+ 6),

Қарағанды облысында — 10 322 (+ 5),

Алматы облысында — 4 989 (+ 4),

Ақмола облысында — 3 510 (+ 4),

Қостанай облысында — 3 505 (+ 3),

Маңғыстау облысында — 3 346 (+ 3),

Батыс Қазақстан облысында — 6 874 (+ 2),

Шымкент қаласында — 5 195 (+ 2),

Жамбыл облысында — 4 132 (+ 1),

Ақтөбе облысында — 3 253 (+ 1),

Қызылорда облысында — 3 245 (+ 0).

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда коронавирустан 1 746 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда 139 адам коронавирустық инфекциядан емделіп шықты, оның ішінде Атырау облысында — 59, Маңғыстау облысында — 30, Шымкент облысында — 22, Павлодар облысында — 13, Қарағанды облысында — 10, Қостанай облысында — төрт, Қызылорда облысында — бір. Қазақстанда емделіп шыққандардың саны — 103 604 адам.

Добавить комментарий