Қазақстанда Конституциялық сот құрылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл да Конституциялық сотқа жүгіне алатынын атап өтті.
«Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын Конституциялық кеңес түсіндіреді. Бірақ, азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды. Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез-келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын», — деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, президенттің айтуынша, Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Осыған байланысты ол алқабилер қарайтын істердің санатын кеңейтуді ұсынды.
«Бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Тоқаев.