2021 жылғы қаңтарда тұрғын үй қызметтері, су, электр қуаты, газ және өзге де отын түрлеріне тарифтер өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,8%-ға және бір айда 0,6%-ға өсті.
Айта кету керек, ыстық судың тарифі бір жылда 15,5%-ға өсіп, 1 текше метр үшін 267,7 теңгені құрады, суық су — 3%-ға, 70,4 тг дейін өсті.
Тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газ 33,5%-ға көтеріліп, бір текше метрге 25 тг құрады, сұйытылған газ — 5,3%, кг үшін 160,3 тг дейін.
Енді Су кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, ауыл тұрғындары ауыз суға аз ақша төлейтін болады
Қазір ауылдарда ауыз суға тарифтер қалаларға қарағанда жоғары болуының себептерінің бірі — ауылдардың географиялық алыстығын, халықтың тығыздығының төмендігін және басқа да факторларды ескере отырып, сумен жабдықтау инфрақұрылымын салудың қымбаттығы.