Қазақстанда кенелерді улау жұмыстары салдарынан мыңдаған ара қырылып қалды

Қазақстанның оңтүстігінде, Түркістан облысы Шардара ауданында кенелерді улау жұмыстарынан н кейін мыңдаған ара қырылып қалды.

Омарташылар өздеріне келтірілген шығын миллиондаған теңге деп отыр, өйткені бұл олардың жалғыз нәпақасы. Кенелерді улау жұмыстарын санитарлық дәрігерлер омарташыларға ескертпей жүргізген, салдарынан бал аралары қырылып қалған.

Ал санитарлық дәрігерлер жергілікті әкімшілікті дәрілеуді жүргізетінін бір апта бұрын жазбаша түрде хабардар еткенін және бал аралары ауру немесе вирустан қырылған болуы мүмкін деп есептейді.

Залал шеккен омарташылар прокуратура мен сот арқылы келтірілген залалды өндіріп алмақ. Үш шаруашылықтың шығыны шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Добавить комментарий