Қазақстанда ҚР Премьер-Министрі Ералы Тұғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Олардың бірі карантиндік шектеулерді жеңілдету. Денсаулық сақтау министрі А. Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендегенін айтты. Осыған байланысты, ВАК бірқатар шешім қабылдады, атап айтқанда, биылғы 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді.