Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына және маусымдық аурулардың өршуіне байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы белсенді түрде сөз қозғай бастады.
Естеріңізге сала кетейік! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына ауруханалардың нашар дайындығын атап өтті
Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетін дамуының үш сценарийін жариялады. Пессимистік нұсқада локдаунды желтоқсанның ортасында, шынайы нұсқада қаңтарда енгізуге болады. Арақашықтық ережесі сақталып, маска режимі 100 пайыз қамтамасыз етілген жағдайда бізге ең жоғары төсек-орын қоры деңгейінің 70 пайызына жеткен кездегі іс-әрекет қолданылатын қатаң карантинге жүгіну қажет болмайды.
«Пессимистік сценарий сәйкес, егер бетперде режимі 60% ғана қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген оқиғалардың саны 190 мыңға жуық адамды құрайды. 65 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет ететін болады. Локдаунды енгізу желтоқсанның ортасына болжанады», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.
Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік арақашықтықтық шаралары мен бетперде режимін 70%-ға қамтамасыз етілсе 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларындағы жағдайлардың болжамды саны 90 мыңға жуық адамды құрайды.
«Ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастар саны 30 мың адам болады. Қаңтар айында локдаунды енгізу жоспарланып отыр», — деді Цой.
Арақашықтық ережелері сақталып, 100% бетперде режимі қамтамасыз етілген жағдайда қатаң карантинге жүгінудің қажеті жоқ, ол ең жоғары төсек қоры 70% деңгейге жеткен кезде қолданысқа енгізіледі, деп қосты министр.
ДСМ балалар арасындағы COVID-19 ауруына алаңдаулы
«Аталған оптимистік сценарий жағдайында 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлар саны 40 мыңға жуық адамды құрайды, ауруханаға жатқызуға 15 мың адам мұқтаж болады», — деді Цой.
Келтірілген болжамдар алдын алу шараларының тиімділігі COVID-19 эпидемиясына қарсы табысты күресте маңызды рөл атқаратынын тағы да атап өтті , — деп түйіндеді ол.