Қазақстандық ірі кәсіпкер Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленетіні хабарланды.
2022 жылғы 11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Анатолий Балушкинге (халықаралық іздеуде жүрген, «БИПЭК» компаниялар тобының акционері) қатысты іс бойынша сотқа 77 бірлік жылжымайтын мүлікті (оның ішінде «Рахманов қайнар бұлақтары», «Нұртау» және «Порт Фортуна» демалыс базаларын) және 1000 жылжымалы мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы өтінішхат жолданды, — деп хабарлады комиссия.
2021 жылғы 12 тамызда «Азия-Авто» АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Анатолий Балушкинге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.