Қазақстанда күнбағыс майының бағасы өсті. Өткен жылмен салыстырғанда оның құны 16,3%-ға қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде (2021 жылғы мамыр мен 2022 жылғы мамыр аралығында) күнбағыс майының бағасы 16,3%-ға өсті.
Қазақстанда күнбағыс майының орташа бағасы литріне 808 теңгені құрайды.
2022 жылғы мамырда 1 литр күнбағыс майына ең төмен баға Семейде — 714 теңге, ең жоғары баға — Атырауда (859 теңге) тіркелді.
Статистиктердің мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 65 927 тонна тазартылған күнбағыс майы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға аз.