2021 жылы Қазақстанда тазартылған күнбағыс майының өндіру көлемі ұлғайды.
Елімізде 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 118,7 мың тонна тазартылған күнбағыс майы өндірілді, бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,9%-ға артық.
Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Хабарланғандай, 2021 жылғы қазан айында республикада 8886 тонна тазартылған күнбағыс майы өндірілді, бұл 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 33%-ға аз.
Статистика ведомствосының мәліметінше, есепті кезеңде тазартылмаған май өндірісі төмендеді. Мәселен, 2021 жылғы қазанда ол 15,4 мың тоннаны құрады (2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 25,6% -ға аз). Қаңтар — қазан айларында 146,4 мың тонна тазартылмаған май өндірілді — өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға аз.
Осы жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда өңделген сүт пен кілегей өндірісі шамалы өсіп, 503,8 мың тоннаны құрады. Қазан айында ҚР-да 49,7 мың тонна сүт пен кілегей өндірілді.
Қазақстанда сары май өндірісі 2021 жылғы қаңтар-қазанда 8,9%-ға өсіп, шамамен 23 мың тоннаны құрады.