Қазақстанда күн жылынады: ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы демалыс күндері күн жылы болады деп күтілуде. Синоптиктер еліміздің барлық аумағында ауа райы жылиды деп болжап отыр.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі: «Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның өтуіне және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжанады», — делінген 2-4 сәуір күндеріне арналған ауа райының болжамында.

Батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жететін болады.

Добавить комментарий