Қазақстанда күн суытады: 18-20 мамырға арналған ауа райы болжам

Қазгидрометорталығының хабарлауынша, Қазақстанда таяу күндері күн суытады деп күтілуде. 18-20 мамыр аралығында қандай ауа райы күтілетіні белгілі болды.

Аптаның ортасында Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағай ойнайды, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

20 мамырға қарай еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 градусқа дейін, орталықта 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 12 радусқа дейін, шығыста 10-15 радусқа дейін, кей жерлерде 7 радусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Республика бойынша жекелеген аудандарда жел күшейіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Добавить комментарий