Синоптиктер бірнеше күн ауа айы күрт суытқаннан кейін, күн қайта ысиды хабарлады.
Синоптиктер 19-21 тамызға ауа райы болжамын ұсынды.
Антициклонның әсерінен, Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа-райы күтіледі.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23…30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25…40 градусқа, орталық пен шығыста 17…35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Ал Қазақстанның батысында болса, ыстық ауа-райы сақталады және негізгі фондық температура 32…41 градус аралығын қамтитын болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет» АҚ.