
Қазақстанда азық-түлік, оның ішінде көкөніс және әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттап барады.
Сарапшылардың есебіне сәйкес, 2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір аптада 0,2%-ға, айдың басынан бері 0,4%-ға, жыл басынан бері 15,3%-ға, бір жылда 20,3%-ға өсті.
Көкөніс бағасы бір аптада:
- картоп — 1,4%;
-
пияз — 1,9%;
-
сәбіз — 2% -ға.
Айдың басынан бері баға:
картоп 2,7%;
сәбіз — 3,2%;
пияз — 5,6%.
Сондай-ақ, сарапшылар нақтылағандай, 2022 жылдың сәуірінде жаңа піскен көкөніс бағасы бір айда 1,7%-ға және бір жылда 46%-ға өсті.
Бөлшек сауда нүктелерінде бір келі картоптың орташа бағасы сәуірде 180 -260тг, қырыққабат — 277-350 тг, пияз — 137 тг, қызылша — 283 тг, сәбіз — 186 тг, қияр — 1000-1200 тг, қызанақ — 1100-1300 тг болды.
Бір айда пияз — 16,2%, қырыққабат — 9,8%, қызылша — 9%, сәбіз — 8,5%, картоп — 5,9% қымбаттады.
Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда көкөніс экспорты артты.
Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында бұрыш экспорты бірден 19,1 есеге, 380,5 тоннаға дейін, қияр — 65,3%-ға, 412 тоннаға дейін, пияз — 20,4%-ға, 10,8 мың тоннаға дейін өсті, — делінген жарияланымда.
Қазақстанда көкөніс импортында бұрыш (8,7 есе, 11,4 мың тоннаға дейін), қияр (2,6 есе, 5,8 мың тоннаға дейін), қырыққабат (2,5 есе, 32,4 мың тоннаға дейін), қызанақ (2,2 есе, 15,9 мың тоннаға дейін), баклажан (1,7 есе, 399,8 тоннаға дейін және) жеткізілуі айтарлықтай өскені байқалады.
Пияз, қызылша, картоп, сәбіз және бақша дақылдары сияқты тауарлардың санаттары бойынша импорт қысқарды.
Импорт экспорттан сәбіз (196,4 есе), қырыққабат (81,2 есе), бұрыш (29,9 есе), қияр (14 есе), қызанақ (13,3 есе), картоп (3,9 есе) сияқты санаттарда асып түсті. Көкөністің негізгі түрлерінің ішінде пияз экспорты импорттан 97,8 есе асып түсті, — деп қорытындылады зерттеушілер.