Алматыда мекемелерге кірген «көк мәртебесі бар» адамдарға айыппұл салынбайды.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов хабарлады.
«Ashyq жобасына қатысатын нысандарға, оның ішінде сауда орталықтарына, қоғамдық тамақтану орындарына, кинотеатрларға демалыс күндері тек жасыл мәртебесі бар адамдар кіре алады. Алматылықтар демалыс күндері ұзаққа созылатынынан хабардар болуы керек және Ashyq нысандарына кіру үшін тек жасыл мәртебе қажет. Көк мәртебесі бар адамдар тек жұмыс күндері ғана кіре алады. Демалыс күндері көк мәртебесі бар адамдардың осы нысандарға кіргені үшін айыппұл салынбайды. Олар тек аталған нысандарға ғана кіре алмайды. Тек қызыл мәртебесі, яғни ПТР-тест нәтижесі оң болған, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған адамдарға айыппұл салынады», — деді Байғабұлов сәрсенбі күні өткен брифингте.