Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтанады

Президентке эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде есеп берілді. Ashyq жүйесін алып тастайтын кез келді ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады, ол экономикалық ахуалды тұрақтандыру және Жер комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы баяндады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 1 мамырдан бастап COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 0,9% -дан 0,49%-ға дейін төмендеген, ауруханаға түскен адамдар 41%-дан 34%-ға азайған.

Сонымен қатар елімізге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 2,3 миллион дозасы жеткізілгені айтылды. Мамыр айының соңына дейін қосымша 2 миллион доза екпе жеткізу жоспарлануда. Шілде айынан бастап отандық «QazVac» вакцинасын өндіру 500 мың дозаға дейін ұлғаяды.

Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына «Ashyq» жобасының енгізілуі жайында мәлімет берді. Бүгінде 1,5 миллион қазақстандық аталған қосымшаны белсенді пайдалануда. Ал жобаға 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. «Ashyq» жобасының енгізілуі кәсіпкерлердің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ індет жұқтырған 2,5 мыңнан астам адам және дертке шалдыққан науқастармен байланыста болған 2 мың азаматтың карантин режимін бұзғаны анықталған. Президент бұл бағытта атқарылған жұмысқа оң баға берді.

Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына фармацевтика өнеркәсібін, ғылымды дамытуға, Салауатты өмір салтын сақтау тұжырымдамасы мен Әлеуметтік кодексті әзірлеуге, жұмыссыздықтың алдын алуға қатысты қолға алынған шаралар туралы айтты.

Добавить комментарий