Қазақстанда электрсамокаттарға шектеу қою жоспарлануда

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда электрсамокаттарға шектеу енгізілуі мүмкін деп мәлімдеді

Алматы қаласының тұрғыны ІІМ басшысының есеп беру кездесуінде қалада самокаттар жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдай жиілеп кеткенін мәлімдеді.

«Велосипед жолдары мен тротуарлар арқылы электр самокаттарымен жүруге бола ма деген мәселе қарастырылудаа. Өйткені бірқатар самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады. Кейбір елдерде шектеулер енгізілді, мысалы, Ұлыбританияда жеке аумақтан басқа самокат қолдануға тыйым салынады. Еуропаның басқа елдерінде бұл самокаттардың жылдамдығына байланысты шектеулер қойылады, яғни олар сағатына 20 шақырымға дейін велосипед жолдарымен және 12-ге дейін жаяу жүргіншілермен жүре алады», — деп жауап берді Тұрғымбаев.

Қазақстанда бұл мәселе реттелмеген, деп жалғастырды.

«Қазіргі уақытта барлық мүдделі органдардың қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Заңнамаға өзгерістер енгізіледі немесе ұсыныстар қаралады деп ойлаймын», — деді Тұрғымбаев.

Самокаттар — көлік құрал емес, деп атап өтті министр.

«Бүгінгі таңда сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдықты дамытатын самокаттар бар. Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олар көлік құралы болып табылмайды. Яғни, жол қозғалысы туралы заңда самокат сияқты көлік құралы жоқ», — деді ол.

Самокаттар көлік құралына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді, деп жалғастырды министр.

«Яғни доңғалағының диаметрі, тежегіш жүйесі, айналары, қауіпсіздік жүйесінің болмауы. Бүгінгі ттаңда электр самокаттармен трассалар мен жолдарда жүруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Оларға шектей енгізіледі, өйткені олар жол қозғалысына қатысушылар емес», — деп түйіндеді ІІМ басшысы.

Добавить комментарий