Қазақстанда экологиялық білім беруді үйлестіру құзыретіне жатқызылатын арнайы орган құрылады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, саланың сарапшылары Жақсыбек Құлекеев, Мұрат Әбенов, Арман Қашқынбеков, Татьяна Немцан, Светлана Могилюк және т.б. қатысқан онлайн-конференцияда айтылды.
Мағзұм Мырзағалиев Президенттің тапсырмасы бойынша, итбалықтарды қатыгездікпен ұрып-соғу, Көбейтұз, Бурабай көлдерінің ластануы және т.б. оқиғалардан кейін бүгінде еліміздің мектептерінде экология пәнін енгізу мәселесі пысықталып жатқанын еске салды. Алайда, министр атап өткендей, балалардың экологиялық білімі мектептегі тиісті пәнмен ғана шектелмеуі тиіс.
«Бұл бүкіл қоғамның, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мұғалімдердің, сарапшылардың және ең алдымен ата-аналардың кешенді жұмысы болуы тиіс деп есептеймін, өйткені тәрбие отбасынан басталады, — деді министр. Сондықтан министрлік мәселені егжей-тегжейлі талқылау және жұртшылықпен диалог жүргізу үшін сарапшылармен осындай кездесу ұйымдастырды «
Оның айтуынша, Экология министрлігі бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Мәселен, балаларды интерактивті оқыту үшін ведомствода оқушылар үшін ұлттық парктерге экскурсиялар ұйымдастыруға, арнайы балаларға арналған эко-лагерь құруға дайын.
Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, эко мәдениет пен эко құрылымдылықты арттыру кешенді болуы тиіс, сондықтан өмірдің барлық салаларында жұмысты енгізу қажет деген пікір білдірді.
Шынымен де экологиялық проблемаларға көңіл бөлмеу қиын. Олар әрдайым маңызды және сезімтал тақырыптар қатарында болды, — деп атап өтті Аида Балаева онлайн-конференцияда сөйлеген сөзінде. бұл, өкінішке қарай, жедел толық білім беру және құқықтық емделуге жататын әлеуметтік диагноз.
Сондай-ақ, бейнеконференция аясында ӨКМ Операторымен экологиялық білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері айтылды.
Онлайн-конференция барысында спикерлердің әрқайсысы елімізде экологиялық білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша елде экологиялық білім беру бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы келісімге қол жеткізілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, білім беру мекемелері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰДБ, ӨКП, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры және басқа да мүдделі ұйымдар кіреді.
Біз қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мақсатқа ортақ күш-жігерімізбен ғана қол жеткізе алатынымызға сенімдімін, — деді кездесу соңында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде «Балаларға экологиялық білім беру» пәнін енгізуді ұсынды.
Бізге қоғамдық көзқараста барған сайын өзекті болып отырған экология проблемаларымен айналысу керек, — деп атап өтті ол кезде Мемлекет басшысы.