Қазақстанда ядролық қаруды таратпау мәселелері жөніндегі отырыс өтті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 18-ші отырысы өтті.

Комиссия қызметінің мақсаты ядролық, химиялық және биологиялық қаруды таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттемелерімізді орындау, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық бастамаларын іске асыру жөніндегі ҚР мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру болып табылады.

Комиссия елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, АЭХА Төмен байытылған уран банкінің жұмысы, экспорттық бақылау жүйесін күшейту, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт Шолу конференциясына және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың 1-ші конференциясына елдің қатысуына дайындық мәселелерін қарады.

Добавить комментарий