Қазақстанда іскерлік белсенділік төмендеді

2021 жылғы шілдеде Қазақстанда іскерлік белсенділік төмендеді. Ұлттық банк маусым айындағы 51,6 көрсеткішпен салыстырғанда оның индексі 50,8-ге дейін төмендегенін хабарлады».

Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, іскерлік белсенділік индексі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шектеулер есебінен көрсетілетін қызметтер секторында маусымдағы 52,7-ден шілдедегі 51,1-ге дейін төмендеді.

Құрылыстағы көрсеткіш маусымдағы 47,6-дан 50,1-ге дейін өсті, өнеркәсіпте ешқандай өзгеріс болған жоқ — 50,5 болды.

Түркістан (58,8) және Ақмола (57,8) облыстарында іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі тіркелді, ал Шығыс Қазақстан облысында (40,8) оның деңгейі төмен, делінген ақпаратта.

Добавить комментарий