Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді

12 января 06:47 / Опубликовано в Экономика

2020 жылғы желтоқсанда кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі 0,4 пайыздық тармаққа – 49,0-ге дейін төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов айтты.

“Индекстің төмендеуі көбіне құрылыстағы көрсеткіштің 3 тармаққа – 49,5-ке дейін төмендеуіне байланысты. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік индексі 48,0 деңгейінде қалыптасты (2020 жылғы қарашада – 48,7). Бұл ретте өнеркәсіп саласындағы іскерлік белсенділік 2020 жылғы қаңтардан кейін алғаш рет оң аймаққа өтіп, 50,3-ті (2020 жылғы қарашада – 49,6) құрады”, – деді ол.

Желтоқсанда өңірлер бөлінісінде көрсеткіштер Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жақсарды. Индекстің айтарлықтай нашарлауы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Нақты сектор кәсіпорындары Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларын жақсартудың жалғасатынын атап өтті. Бизнес-ахуал индексі желтоқсанда 2020 жылы ең жоғарғы көрсеткіш 4,2-ге жетті.

Желтоқсан айында сауалнамаға 452 кәсіпорын қатысты: құрылыс саласында – 64, өнеркәсіп саласында – 172, қызмет көрсету саласында – 216.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: іскерлік белсенділік, Жандос Шаймарданов, индекс, Қазақстан, ҚР, Ұлттық банк

Читать ещё

Жұмыспен қамту орталығы ең қажетті мамандықтарды атады
Қазақстанда доллар бағамы өсті
ҚР-да алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстан Президенті жаңа агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі...
  • Италиялық дәрігер COVID-19 жұқтырған науқастарды төсек-орынды босату үшін өлтірді деп айыпталуда

    Италияның Монтикьяри қаласының дәрігері Карло М...
  • Полиция қызметкері қоластындағылардан судьялар мен прокурорлар үшін ақша бопсалады

    Кентауда жоғары шенді полиция қызметкері қоласт...
  • Ресейде Алексей Навальныйдың бауыры мен серіктесі ұсталды

    Ресейде Алексей Навальныйдың бауыры Олег пен се...
  • Онлайн оқыту: бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуда

    Қазақстандық сенатор толыққанды қашықтықтан оқы...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: