Қазақстанда гранттарды қаржыландыру жүйесі өзгереді

Білім және ғылым министрлігінің басшысы елімізде гранттарды қаржыландыру жүйесін өзгерту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының жоғары білім алуға гранттарды қаржыландыру жүйесін өзгерту жөніндегі бастамасының маңыздылығын атап өтті.

Ведомство басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде тапсырма бергенін еске салды.

Бүгінгі таңда отандық жоғары оқу орындары грант беру арқылы жан басына қаржыландыруға көшті.

Қазақстанда грантарды қаржыландыру жүйесі қалай жұмыс істейді

Грант алу үшін талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. ҰБТ тапсырғаннан кейін талапкер өтініш береді, нақты мамандықты таңдап, гранттарды тағайындау конкурсына қатысады. Мәселен, егер белгілі бір мамандыққа барлығы 100 грант бөлінсе, квоталарды есепке ала отырып, ең жоғары балл жинаған 100 талапкер сараланған тізім бойынша жоо-да оқу үшін грант алады.

Білім грантын иеленген студент жоғары оқу орнын таңдайды және жоо осы студентті оқыту үшін бюджеттен қаржыландыру алады.
«Алайда, студент грантты жеңіп алғанына қарамастан, мемлекет тарапынан төленетін оқу ақысына қатысты рәсімге қатыспайды. Шын мәнінде, студент жоғары оқу орнындағы оқу ақысын мемлекет оның мектеп кезіндегі жақсы көрсеткіштері үшін төлейтініне мән бермей, мұны көбіне көп тегін оқу деп қабылдайды. Сәйкесінше, «тегін» оқу кезінде университетке қандай да бір талап қою қиын. Әрбір студенттің оқуы үшін мемлекет жоғары оқу орнына орта есеппен 3,5-4 миллион теңге бөледі», — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оқу ақысын төлеу алгоритмі келесідей: университеттер студенттердің тізімдері мен төлеу актілерін белгілі бір мерзімділікпен министрлікке жібереді. Министрлік студенттердің әрқайсысы үшін ақшаны жоо-ның шотына тікелей аударады. Яғни, студенттің өзі бұл үрдіске қатыспайды.
Қазақстанда білім беру гранттарын қаржыландыру жүйесінде не өзгереді
Мемлекет басшысы қаржыландырудың осы жүйесін өзгертуді тапсырды
«Бұдан былай қаражат грантты жеңіп алған студенттің оқу ақысын өз бетінше төлеуі үшін арнайы банктік шотына (эскроу-шот) тікелей жіберіледі деп жоспарлануда. Осылайша, студент оның оқуы үшін мемлекет бөлген ақшаны көріп, қолдауды сезінеді. Сонымен бірге оқу ақысын төлеу үрдісіне қатысады», — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министрдің пікірінше, бұл тетік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де жойып, бюджет қаражатының барынша ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий